Мұхамедиұлы Галышеваны қола медальмен құттықтады

Написать нам
12 ақпан, 2018, 11:03 979
Мұхамедиұлы Галышеваны қола медальмен құттықтады

Сондай-ақ, министр өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында қазақстандықтарды алғашқы медальмен құттықтады.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы могулшы Юлия Галышеваны Олимпиада ойындарының қола медалімен ресми түрде құттықтады, деп хабарлайды BNews.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сізді XXIII Қысқы Олимпиада ойындарының алтынға бергісіз қола медальмен құттықтаймын. Әлемнің ең мықты деген спортшыларымен сайысқа түсіп, ел намысын қолдан бермедіңіз. Өзіңіздің жарқын жеңісіңізбен спортсүйер қауымды бір серпілтіп тастадыңыз. Қазақ елі сізді мақтан тұтады! Жеңісті жолыңыз жалғасын тапсын. Сізге алдағы уақытта да мол табыс тілеймін", - деді  Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Сондай-ақ, министр өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында қазақстандықтарды алғашқы медальмен құттықтады.

Еске сала кетейік, Юлия Галышева 77.40 нәтижесімен Олимпиаданың қола медалін жеңіп алды. Екінші орынды канадалық Жюстин-Дюфор-Лапонт иеленсе, алтын француздық спортшы Пьеррин Лаффонттың еншісінде. Бұл қазақстандық фристайл тарихындағы алғашқы олимпиада медалі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар