Мұхамедиұлы шаңғышы Колядинді Паралимпиадада алған алтын медалімен құттықтады

14 наурыз, 2018, 14:09 1569 Астана
Мұхамедиұлы шаңғышы Колядинді Паралимпиадада алған алтын медалімен құттықтады

Мәдениет министрлігінің басшысы бұл жүлде Қазақстандағы Паралимпиада спорты бойынша үлкен жетістік екенін атап өтті.

Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Пхёнчханда (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында "алтын" алған шаңғышы Александр Колядинді құттықтады, деп хабарлайды BNews.kz.

"Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді тамаша жетістікпен – бүгін Александр Колядин барлық қазақстандыққа сыйлаған Паралимпиада ойындарындағы алғашқы "алтынмен" құттықтаймын. Паралимпиада спортында да енді біздің жетістігіміз бары қуантады. Паралимпиада ойындарына әлем бойынша аса мән беріледі. Бұл ірі жетістік, бұл үлкен қуаныш", - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Еске сала кетейік, бүгін қазақстандық параатлет Александр Колядин Оңтүстік Кореядағы Пхёнчханда спринтте алтын медаль алды. Күміс медаль жапониялық параатлетке бұйырса, қола жүлдені канадалық спортшы алды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар