Мұхтар Ерман Мәжілістегі комитет төрағасы болып тағайындалды

Написать нам
14 ақпан, 2018, 10:52 1001 Астана
Мұхтар Ерман Мәжілістегі комитет төрағасы болып тағайындалды

Осыған дейін Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетін Мәулен Әшімбаев басқарған еді.

Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті төрағасы болып Мұхтар Ерман тағайындалды, деп хабарлайды BNews.kz

Оның кандидатурасын ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин ұсынды.

"Мұхтар Ерман Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болды, шетел тілдерін жетік меңгерген. Тәжірибесі мол депутат көптеген заңдардың қабылдауында елеулі үлес қосты", - деді Мәжіліс спикері.

Ұсынысты мәжілісмендер бірауыздан қолдады.

Ерман Мұхтар Тілдәбекұлы 1963 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Қызылқұм ауданында дүниеге келген.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (1986) бітірген. Тарихшы, шетел тілінде оқытатын тарих пәнінің оқытушысы. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті(1998), заңгер.

Еңбек қызметін 1986 жылы Алматы сәулет-құрылыс институтының ассистенті, тәлімгері болып бастады.

Кезінде  "Нұр Отан" ХДП Орталық аппаратының хатшысы, "Нұр Отан" партиясы Орталық аппараты басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар