Мұхтар Құл-Мұхаммед Сенат депутаты ретінде тіркелді – ОСК - Жаңалықтар | BNews

Мұхтар Құл-Мұхаммед Сенат депутаты ретінде тіркелді – ОСК

05 ақпан, 12:09 794 Астана
Мұхтар Құл-Мұхаммед Сенат депутаты ретінде тіркелді – ОСК

Ол осыған дейін "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Бүгін Президент жарлығымен 2018 жылдың 1 ақпанында тағайындалған Парламент Сенатының депутатын тіркеу бойынша Берік Имашевтың төрағалығымен Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды BNews.kz Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтына сілтеме жасап. 

Орталық сайлау комиссиясы отырысында Құл-Мұхаммед Мұхтар Абрарұлыны ҚР Парламенты Сенатының депутаты ретінде тіркеу жөнінде қаулы қабылданды.

Сонымен қатар, отырыста ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әшімбаев Мәулен Сағатханұлының өкілеттілігін тоқтату мәселесі қарастырылды. Депутаттың өтініш беруі негізге алынып, Мәулен Әшімбаевтың ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттық өкілеттілігі мерзімнен тыс тоқтатылады.

ҚР Конституциясы 52 бабының 5 тармағына сәйкес, ҚР 1995 жылғы 25 қазандағы "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәптебесі" туралы Конституциялық заңға сәйкес және Мәулен Әшімбаевтың өтініші негізінде, ҚР Оталық сайлау комиссиясы ҚР Парламенті Мәжілісіне Әшімбаев Мәулен Сағатханұлының өкілеттілігін мерзімнен тыс тоқтату мәселесі бойынша ұсыным жөнелтеді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұхтар Құл-Мұхаммед 2018 жылдың 1 ақпанында ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды.

Ал Мұхтар Құл-Мұхаммедтің орнына Мәулен Әшімбаев "Нұр Отан" төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары