Мұхтар Құл-Мұхаммед Сенат депутаттарының қатарына қосылды - Жаңалықтар | BNews

Мұхтар Құл-Мұхаммед Сенат депутаттарының қатарына қосылды

01 ақпан, 18:24 1890 Астана
Мұхтар Құл-Мұхаммед Сенат депутаттарының қатарына қосылды

Ол осыған дейін "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

"Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары болған Мұхтар Құл-Мұхаммед Сенат депутаты болды, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Мұхтар Құл-Мұхаммед 1960 жылы 12 желтоқсанда  ҚХР, Шәуешек қаласында дүниеге келген.

ҚР мемлекет және саясат қайраткері, тарих ғылымдарының кандидаты (1995), заң ғылымдарының докторы (1999), профессор (2001). Нью-Йорк Ғылыми академиясының толық мүшесі (1997), ҚР Әлеуметітк ғылымдар академиясының академигі (2001).

Ол Қазақ мемлекеттік университетін (1982, қазіргі ҚазҰУ) бітірген;

"Қазақ энциклопедиясы" Бас редакциясының ғылыми редактор, аға ғылыми редакторы, философия, құқық және социология редакциясының меңгерушісі, жауапты хатшы – бас редактордың орынбасары (Алматы, 1982–1992);

"Атамұра" корпорациясының президенті (Алматы, 1992–1999);

Бұған қосымша 1994-1995 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, доценті, профессор міндетін атқарушы (Алматы);

1995 жылы "Қазақстанның ХVІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырдың басындағы саяси-әлеуметтік тарихының проблемалары" (революцияға дейінгі орыс энциклопедиялары бойынша) деген тақырыпта кандидаттық диссератция қорғады;

1999 жылы "Жақып Ақбаев және Алаш қайраткерлері саяси құқықтық көзқарастарының эволюциясы (ХІХ ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басы)" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады;

ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Сенаттың Заң шығарушылық және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитет хатшысы, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы (Астана, 1999–2001);

2001 жылғы 31 мамырда Жоғарғы аттестациялық комитеттің шешімімен құқықтану мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді;

ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі (Астана, 2001–2003);

ҚР Президентінің кеңесшісі, Баспасөз хатшысы (Астана, 2003–2006);

ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің баспасөз хатшысы, (Астана, 2006-2007);

Қызылорда облысының әкімі. Бұған қосымша 2008 жылдың наурызында ҚР Президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнайы өкілі болып тағайындалды (Қызылорда, 2007–2008);

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі (Астана, 2008–2010);

ҚР Мәдениет министрі (Астана, 2010-2012);

ҚР Мемлекеттік хатшысы (Астана, 2012-2013);

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі (Астана, 2013-2014);

2014 жылы 13 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды;

2015 жылғы Президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штабтың (РҚШ) жетекшісі болды;

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі (Астана, 2014-2016);

2016 жылғы 6 мамырда "Нұр Отан" партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммедтің орнына Мәулен Әшімбаев "Нұр Отан" төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары