Мұхтар Құл-Мұхаммед: Жолдау - бірегей бағдарламалық құжат

12 қаңтар, 2018, 11:42 1788 Астана
Мұхтар Құл-Мұхаммед: Жолдау - бірегей бағдарламалық құжат

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын Жолдауына қолдау білдіру мақсатында Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды BNews.kz Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Отырысты ашқан «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары жаңа Жолдаудың Қазақстанның жүйелі жаңғырудағы 10 басым бағытын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін бірегей бағдарламалық құжат екенін айтты.

Қазақстандық индустрияны, агроөнеркәсіптік кешенді және көліктік-логистикалық инфрақұрылымды цифрландыру, тұрғын үй құрылысы мен коммуналдық секторға жаңа технологияларды енгізу Елбасы ұсынған елді дамытудың негізгі векторы болып табылады. Мұхтар Құл-Мұхаммед атап өткендей, мұның барлығы Қазақстанның жаңа әлемдегі жетекші елдердің қатарына қосылуы үшін қажет.

«Нұр Отан» партиясы Төрағасы бірінші орынбасарының айтуынша, Президент дәстүрге сай биыл да әлеуметтік даму мәселелеріне зор көңіл бөліп, адам капиталын қазақстандық жаңғырудың жүйелі үштағанының негізі ретінде белгіледі.

«Елбасымыздың Жолдауында елімізді саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани жаңғыртудың 10 басым бағыты айқын белгіленген. Біздің ендігі міндетіміз - әрбір қазақстандықтың өмірі, денсаулығы мен тұрмысына деген Елбасы қамқорлығынан тұратын Жолдаудың мазмұнын барша халыққа жеткізу», - деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Демократиялық күштердің «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының отырысына елдегі жетекші партиялардың басшылары, Парламент депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының, кәсіби және қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Отырыс барысында Коалиция мүшелері Мемлекет басшысының жаңа Жолдауына байланысты өз ойларын ортаға салып, пікірлерін бөлісті. Нәтижесінде Жолдауға қолдау білдірген, еліміздің барша азаматын жылдың басты құжатын талқылау және түсіндіру жұмыстарына белсенді қатысуға шақырған Үндеу қабылданды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар