Мұхтар Әбләзов Астанаға жаңа іс бойынша тергеуге шақыртылды

31 шілде, 2018, 20:09 2235 Астана
Мұхтар Әбләзов Астанаға жаңа іс бойынша тергеуге шақыртылды

Бас прокуратура Әбләзовті Ержан Тәтішевтің өліміне қатысты іс бойынша тергеуге шақырып жатыр.

Бас прокуратура аса ауыр қылмысты жасау фактісі бойынша Мұхтар Әбләзовке қатысты қылмыстық істі тергеуде, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таратылған хабарламада тергеу барысында Ержан Тәтішевті қасақана өлтіруді ұйымдастыруда күдіктінің әрекетін құқыққа қарсы деп бағалайтын дәлелдер табылғаны айтылған.

Қылмыстық-процестік кодекстің 208-бабы 1-бөлігіне сай күдікті жауап алуға шақырылады.

Алайда, Мұхтар Әбләзовтің Қазақстан Республикасы аумағынан тыс болуына және келуден жалтаруына байланысты Бас прокуратура ҚПК 205-бабы 3-бөлігін басшылыққа ала отырып, күдіктіні жауап алуға шақыру туралы хабарландыруды еліміздегі және Әблязовтың орналасқан жері Франциядағы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялайды.

"Күдікті Әбләзов Мұхтар Қабылұлы, Сізге 2018 жылғы 16 тамыз сағат 15:00-ге дейін Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 14 мекен-жайында орналасқан Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының әкімшілік ғимараты Қазақстан Республикасы Бас прокурорының көмекшісі – жедел-тергеу тобының басшысы Бекжан Ермұханбетұлына келу қажет", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ведомствоның хабарламасында тергеу әрекеттеріне қатысу үшін күдікті қорғаушыны өз еркімен шақыра алатыны немесе күдіктінің өтінуі бойынша қорғаушының қатысуын қылмыстық процестi жүргізетін орган қамтамасыз ететіні (ҚР ҚПК 68-бабы) айтылған.

"Егер қорғаушы күдіктімен немесе оның заңды өкілімен, сондай-ақ олардың тапсырмасы бойынша басқа да тұлғалармен шақырылмаған жағдайда қорғаушыны қатыстыру қылмыстық процестi жүргізетін орган қамтамасыз етедi (ҚР ҚПК 67-бабы). Шақырылған мерзімде келуге кедергі болған жағдайда, сондай-ақ прокурорға немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді іске асыратын тұлғаға қорғаушымен қамтамасыз ету туралы өтініш хат беру туралы ой болған жағдайда күдіктіге болмаса оның мүддесін белгіленген тәртіппен көздейтіндерге қылмыстық қудалау органын алдын ала ескерту қажет", - деп хабарлады Бас прокуратурада.

Еске сала кетейік, 2004 жылы банкир Ержан Тәтішевті өлтірді деп айыпталып отырған Мұратхан Тоқмәдиге қатысты өтіп жатқан сот отырысы Таразда биыл 16 ақпанда басталды. Айыпталушы Мұхтар Әбләзовтің қоқан-лоқы көрсетуімен қылмыстық істі жасағанын мойындады.

Сонымен қатар, 12 наурызда ҚР ҰҚК-ның бұрынғы басшысы, сотталған Нартай Дүтпаев Мұратхан Тоқмәдидің ісі бойынша жүргізіліп жатқан сотта куә ретінде жауап берді. Куәгерден Астана қаласы Есіл ауданы №2 сотында бейнеконференция тәсілімен сұрақ алынды. Дүтбаев Мұхтар Әбләзовтің сұрауы бойынша 2004 жылы Ержан Тәтішевтің телефонын тыңдауға нұсқау бергенін растады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар