Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спорттың 9 түрінен жарыс өтті - Жаңалықтар | BNews

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спорттың 9 түрінен жарыс өтті

20 шілде, 16:44 3022 Астана
Астанада мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спорттың 9 түрінен жарыс өтті

Жарысқа 100 ден аса адам қатысты.

Елордада Қоғамдық даму істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында "Қазақстан студенттерінің Альянсы" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Мүмкіндігі шектеулі жастар арасындағы іс-шаралар кешені" жобасы аясында "Алау" мұзайдыны сарайында Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармасы мен "Мүгедек жастар қоғамы" ҚБ бірлесе, мүмкіндігі шектеулі жастар арасында спорттың 9 түрінен (шаxмат, тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тарту, жүгіру, дойбы ойыны, пауэрлифтинг, қол күресі, үстел теннисі) жарыс өткізілді, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Іс–шараның мақсаты – ҚР Президентінің Жолдауы және "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру барысында бұқаралық спорт түрлерін дамыту; мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы жастардың шығармашылық әлеуетін іске асыру және оларға қолайлы орта жасау; саламатты өмір салтын насихаттау; сондай – ақ қоғамды бұқаралық спортқа жаппай тарту.  #СеніңЖаңаҚырың челленджін қолдау.

Жарысқа жалпы 100 ден аса адам қатысты. Қатысушылар жоғарғы деңгейде дайындалып жақсы көрсеткіш көрсетті. Жарыс сонында 1,2,3, орын иеленген спортшылар медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, осы сайысқа қатысқан әрбір қатысушыға Қоғамдық даму істері басқармасы атынан бағалы сыйлықтар және алғыс хаттар табыс етілді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары