Мұнай өнімдерін бөлшек нарықта саудалайтын 47 субъектіге тексеріс жүргізілді - Жаңалықтар | BNews

Мұнай өнімдерін бөлшек нарықта саудалайтын 47 субъектіге тексеріс жүргізілді

13 қыркүйек, 14:38 474 Астана
Мұнай өнімдерін бөлшек нарықта саудалайтын 47 субъектіге тексеріс жүргізілді

ҚР ҰЭК Табиғи монополияларды реттеу,бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті монополияға қарсы заңнаманың бұзылуына жол бермеу мақсатында мұнай өнімдерінің бөлшек сауда нарығындағы ағымдағы баға жағдайын зерттеуде, деп хабарлайды Вnews.kz.

Қазіргі уақытта монополияға қарсы орган мұнай өнімдерінің бөлшек сауда нарығындағы ағымдағы баға жағдайын қарастыруда. Бұзушылық белгілері анықталған жағдайда (бағалық сөз байласу) нарық субъектілерінің тарапынан тиісті әрекет ету шаралары қолданылады.

Бүгінгі таңда ҚР ҰЭМ ТМРБТҚҚК 47 мұнай өнімдері нарығының бөлшек сауда субъектілеріне қатысты (АЖС), келісілген іс-қимылдар, 2016 және 2017 жылдың басында бағаны белгілеу және ұстап тұру бөлігінде тергеп-тексеру аяқталды.

Аталған факті бойынша қазіргі уақытта іс жүзінде барлық өңірлерде әкімшілік іс қозғалады, оған сәйкес әкімшілік айыппұл монополиялық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табыстың шағын және орта нарық субъектілері үшін 3% мөлшерінде, ірі нарық субъектілері - 5% қарастырылып, монополиялық табысы тәркіленеді.

Жалпы әкімшілік айппұлдың сомасы шамамен 600 млн тг, монополиялық табыс 300 млн тг құрайды. Көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықтардың шешімі сот органдарымен қабылданатын болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

`

Серіктестер жаңалықтары