Мұнай-газ саласына қажетті кез келген өнімді шығара алатын мамандарымыз бар – Сағынтаев

27 шілде, 2018, 11:29 3155 Батыс Қазақстан облысы
Мұнай-газ саласына қажетті кез келген өнімді шығара алатын мамандарымыз бар – Сағынтаев

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев БҚО-да жобалық басқару жөнінде кеңес өткізді.

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев өңір активімен және бизнес өкілдерімен облысты әлеуметтік-экономикалық дамытудың өзекті мәселелері жөнінде кездесу өткізді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Кеңес осы жылдың 15 мамырында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмаларының орындалу барысына талдау жасаудан басталды.

Премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаев Үкімет қабылдап жатқан шаралар туралы баяндады. Мемлекет басшысы сапар аясында республикалық маңызы бар жолдарды күрделі жөндеуден өткізу, ішкі нарыққа мұнай өнімдерін жеткізуді арттыру үшін қажетті шикізат көлемімен қамтамасыз ету, сонымен қатар қорғаныс-өнеркәсіптік кешен бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Казталов, Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарының Орал қаласымен қатынасын дамыту үшін көлік жолдарына күрделі жөндеу жүргізу бағыты бойынша қазіргі кезде ұзындығы 35 шақырым, республикалық бюджет есебінен қаржыландыру көлемі 1 млрд теңге болатын "Чапаев - Жалпақтал - Казталов" автожолының учаскесінде жөндеу жұмыстары басталды.

"Жалпы ұзындығы 245 шақырым болатын "Казталов – Жәнібек – РФ шекарасы" және "Өнеге – Бисен – Сайхин" жолдары бойынша жобалық ұйым айқындалды, қазір жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Барлық қажетті қаражаттар, оның ішінде жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін де, республикалық бюджеттен қарастырылған", - деп мәлімдеді Ерболат Досаев.

"Подстёпное - Федоров - РФ шекарасы" автожолын реконструкциялау жұмыстарын келесі жылы республикалық бюджет есебінен бастау жоспарланып отыр, аяқталу мерзімі – 2021 жылы. 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасында белгіленген лимиттер аясында 17,3 млрд теңге сомасындағы шығыстарға қолдау жасалған. Қазір жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуді бастау бойынша конкурстық процедуралар жүргізіліп жатыр, келісімшартты биыл тамыз-қыркүйек айларының бірінде жасау көзделген.

Сонымен қатар, Ерболат Досаев "Конденсат" АҚ-ның ішкі нарықтарға мұнай өнімдерін жеткізуді арттыру үшін қажетті шикізатпен қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады. 2018 жылдың маусым айында Энергетика министрлігі "Конденсат" АҚ мұнай өңдеу зауытын магистралды мұнай құбырлары мен темір жол жүйесі бойынша қазақстандық өндірушілердің мұнайын тасымалдау кестесіне қосқан болатын. Бұл кестеге сәйкес, осы жылдың шілде айына 15 мың теңге көлемінде сынамалық квота бекітілген.

"Зауытты одан әрі қарай шикізатпен қамтамасыз ету ішкі нарықтағы мұнай өнімдеріне қажеттілікті және "Конденсат" АҚ мұнай өңдеу зауытының өзінің техникалық мүмкіндіктерін ескерумен жүргізілетін болады", - деді Ерболат Досаев.

Мемлекет басшысының қорғаныс-өнеркәсіптік кешен бойынша тапсырмаларын орындау мақсатында "Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы" АҚ, "Зенит" Орал зауыты" АҚ және "Гидроприбор" ҒЗИ" АҚ мемлекеттік қорғаныс тапсырыстарымен қамтамасыз ету үшін Үкіметте аталған кәсіпорындардың басшыларымен төрт кеңес өткізілген. Ерболат Досаев бүгінгі таңда проблемалық мәселелердің қаралып, оларды шешу бойынша нақты шаралар қабылданғанын атап өтті.

"Мемлекет басшысының барлық тапсырмалары Үкіметтің тұрақты бақылауында", - деп сөзін түйіндеді ҚР Премьер-министрінің орынбасары.

Бұдан әрі активпен кездесу барысында өнеркәсіп саласын, сауданы, көлік және логистиканы, білім беру, денсаулық сақтау салаларын, туризмді, АӨК, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, технологиялық жаңарту және цифрландыру, инвестициялар тарту және өнімді жұмыспен қамту мәселелері егжей-тегжейлі қаралды.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов жобалық басқару аясында І жарты жылдықта әкімдіктің атқарған жұмысы туралы айтып берді. Қазір өңір еліміздің ЖІӨ 4,5% және өнеркәсіптік өндірістің 9% қамтамасыз етіп отыр.

"Өңдеу өнеркәсібінде өндірістің 17% артуы байқалуда. Ауыл шаруашылығында 3,1% өсімге қол жеткізілді. Сыртқы инвестициялар 4,3% өсті. Атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі 7,2% артып, 44,1 млрд теңгені құрады", - деді облыс әкімі.

Одан соң кеңес барысында өңірді одан әрі экономикалық дамытудың қолда бар әлеуеті мен қорлары қаралды.

ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман Скляр жобалық басқару және инвестициялар тарту жобасының аясында әкімдік орындау мерзімі 2022 жылға дейін $6 млрд сомасына 50 жобаны орындау міндетін алғанын айтты. Ал биыл жобалық басқару аясында $53 млн сомасына 9 инвестициялық жобаны пайдалануға беру көзделіп отыр. Сонымен қатар, биыл құрылыс монтаждау жұмыстары $463 млн сомасына 6 жобада басталуы тиіс.

Өз кезегінде ҚР Энергетика вице-министрі Болат Ақшолақов өңірдің мұнай өнеркәсібі кешенін дамыту жоспарлары мен міндеттері туралы баяндады. Оның айтуынша, отын-энергетика кешені бойынша жобалық басқару аясында облыспен бірлесіп 2018 жылға арналған мақсатты индикаторлар декомпозицияланған. Жалпы қосылған құн өсімі 2,7% деңгейінде, инвестициялар - 7,1%, еңбек өнімділігі - 4,6% және ОЭК жұмыс істейтіндер саны 9100 деңгейінде.

"ОЭК инвестициялар өсімінің индикаторы орындалды. Мұнай өндіруге салынған инвестициялар көлемі 89 млрд теңгені, мұнай өңдеуге – 3,2 млрд теңге, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және кондициялауға – 2,2 млрд теңге құрайды. Еңбек өнімділігінің өсуі 95,5% құрады, осы жылдың І тоқсанындағы жұмыспен қамтылғандар саны жоспардағы 8200 кезінде 9434 адамды құрады", - деді Болат Ақшолақов.

Сондай-ақ, ол облыста мұнай өндіру көлемі бойынша жарты жылдықтың оперативті жоспары орындалып жатқанын атап өтті.

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі жұмыстар жоспары мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы баяндады. Оның айтуынша, Батыс Қазақстан облысының саласын субсидиялауға биыл 8 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген. Мәселен, мал шаруашылығын дамытуға 2,6 млрд теңге, өсімдік шаруашылығын дамытуға - 1,1 млрд теңге, соның ішінде басымдықты дақылдарды субсидиялауға - 800 млн теңгеден астам, тұқым шаруашылығын дамытуға - 190 млн теңгеден астам, минералды тыңайтқыштар мен гербицидтерге - 111 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.

Сонымен қатар, "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасы аясында өңірдің ауыл тұрғындарын несиелендіруге 4 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған, бұл жұмыссыздарды өнімді қызметке және ресми секторға тартуға ықпал етеді.

Сонымен қатар, кеңес барысында бейнеконференция байланысы арқылы бірқатар министрліктің өкілдері сөз сөйледі.

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов Батыс Қазақстан облысында туризмді дамыту, Президенттің туризмді дамыту бойынша берген тапсырмаларының орындалуына талдау жасау және облыстың ЖӨӨ-дегі туризм үлесінің одан әрі өсімінің қолжетімді қорлары туралы баяндады. Оның айтуынша, облыста бірнеше бағытта туризм саласын дамытудың үлкен әлеуеті бар.

"Туристік өсімнің әлеуетті жерлерінің республикалық картасында әкімдікпен бірге біз екі бағытты анықтадық. Біріншісі – Бөкей ордасы тарихи-мәдени музей кешені және облыста балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту. Екі бағыт та 30 мың адамға дейін туристер ағынын қалыптастыруға жол ашады", - деді Ерлан Қожағапанов.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев облыстың жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру мәселелері туралы міндеттері мен еңбек ағындары туралы жол картасын бағалау туралы айтып берді.

Министрліктің деректеріне сәйкес, Батыс Қазақстан облыстында барлығы 57,5 мың өндіргіш жұмыс орны бар. 2018 жылы 58 мыңға дейін ұлғайту жоспарда бар. Биыл 1500 адамды қысқа мерзімді курстармен қамтамасыз ету жоспарланып отыр, осы жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша 1 085 адам немесе 72,3% қамтылған, 328 адам оқуын аяқтады, олардың 102-сі немесе 31% жұмысқа орналасқан.

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Жүнісбекова жаппай кәсіпкерлікті дамыту және сауда саласын жаңғырту жөнінде, сондай-ақ облысты дамытудың экономикалық мүмкіндіктері мен қорлары жайында баяндады. Көрсеткіштердің өсімі Базалық индустрияландыру, АӨК және АКТ бағыттарында байқалды. Бұдан өзге, І жарты жылдықта әрекет етуші ШОБ субъектілері өсімінің оң қарқыны байқалды - 3,3%.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бәсекелестікті кеңейту мен медицинаға жеке сектордың қатысу үлесін ұлғайту бойынша алдағы жұмыстардың жоспарлары мен ағымдағы жағдайы туралы баяндады. Бұл бағытта сауықтыру және оңалту қызметтеріне инвестициялардың ағынын күшейтудің, сондай-ақ негізгі аурулардың алдын-алу және оларды басқару бойынша қосымша шараларды қабылдаудың қажеттілігі атап өтілді.

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев, өз кезегінде, өңірде білім беру саласын цифрландыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді. Мәселен, бүгінгі таңда мектептердің 86% 4 Мбит/с бастап одан да жоғары жылдамдықты кеңжолақты интернетпен қамтылған, 90% - компьютерлік техникамен жарақтандырылған. Балабақшалардың 90% автоматтандырылған жүйеге қосылған.

Сонымен қатар, ерекше назар аударуға тиісті бағыттар да аталып өтті. Бұл - электронды журналды енгізу және мектептерде wi-fi орнату. ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев экономика салаларын цифрландыру және АКТ саласын дамыту жөнінде баяндады. 2018 жылдың І тоқсанының нәтижелері бойынша жалпы қосылған құн өсімі 14,7%-ды құрады. АКТ саласында жұмыс істейтіндердің саны 3200 адамды құрайды, еңбек өнімділігінің өсімі 16,2%-ды құрады.

Талқылау барысында кәсіпкерлікті дамыту және отандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерді қолдау мәселелері бойынша өлкетанушы Жайсаң Ақбай және "Зенит" АҚ директоры Вячеслав Валиев пікір білдірді.

Кездесу соңында ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының Қазақстанның экономикалық өсімінің жаңа моделін құру жөніндегі міндеттерін тиімді шешу үшін дамудың 12 бағыты бойынша өсімнің мақсатты индикаторларын кешенді іске асыру қажеттігін атап өтті. Үкімет басшысы осы мақсат үшін отандық кәсіпорындардың, қызметтер мен тауарлардың дамуы мен жетілуіне баса назар аудару керек екенін, бұл өз кезегінде жергілікті мамандарды қарқынды даярлау мен оқытуды талап ететінін айтты.

Бақытжан Сағынтаевтың пікірінше, мамандарды дайындау және қайта даярлау мәселесі экономиканы жаңғыртудың маңызды басымдығының бірі болуы керек. Премьер-министр өңдеу секторын дамыту әлеуетіне жекелей тоқталып өтті.

"Мен өңірлердегі барлық компаниялардың дамуды қалайтынын көріп жүрмін, олардың мүмкіндіктері бар және, ең бастысы, біздің ірі сатып алушыларға, әсіресе, мұнай-газ саласына қажетті кез келген өнімді шығара алатын даярланған мамандарымыз бар", - деп Бақытжан Сағынтаев.

Сондай-ақ, ол қабылданып жатқан шаралар отандық өндіріс тауарларына пайда әкеле отырып, импорттан бас тартуға мүмкіндік беретінін айтты.

Жалпы алғанда, Премьер-министр Батыс Қазақстан облысының экономикалық өсіміндегі оң қарқынды атап өтті.

"Мемлекет басшысының сапар барысында алға қойған барлық сұрақтары біртіндеп шешіліп жатыр. Бюджеттік өзгерістерді талап ететін мәселелер келесі жылдың бюджетінде қарастырылып, жоспарлы түрде шешіледі. 2021 жылдан бастап кем дегенде 5-5,5% өсім қарқынына қол жеткізу керек, ал осы жылды кем дегенде 4% көрсеткішпен аяқтау қажет", - деп сөзін түйіндеді Бақытжан Сағынтаев.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев 26 шілде күні жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды. Сапардың мақсаты – Президенттің "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік", "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" жолдауларының, "Бес әлеуметтік бастаманың", сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалардың өңірде іске асырылу барысымен танысу.

Жұмыс сапарының кестесіндегі алғашқы нысан әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі – Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны болды. Ол 280 кв км астам аумақты қамтиды. Өндіру көрсеткіштері республикадағы барлық газ өндірудің шамамен 45% және сұйық көмірсутектердің жалпы өндірісінің шамамен 16% құрайды, ал жалпы бағалау қорлары 2,4 млрд баррельден астам конденсат және 16 трлн текше фут газды құрайды.

Содан кейін Бақытжан Сағынтаев "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысы барысымен және "7-20-25" бағдарламасының іске асырылу жұмыстарымен танысу үшін Зашаған кентінде салынып жатқан шағын ауданға барды. Үкімет басшысына биыл Оралда барлығы 415 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілетіні баяндалды. Бұл шамамен 3,8 мың тұрғын үй.

Сондай-ақ, жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-министрі үш ауданның жұртшылығымен "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында облыс орталығы мен аудан орталықтарының қатынасын дамыту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мәселелері бойынша кездесу өткізді. Биыл Батыс Қазақстан облысындағы жол жөндеу жұмыстарына 9,5 млрд теңге бөлінді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар


Материалды әзірлегендер: