Мәжіліс депутаттары Түркістан облысына сапары барысында өнеркәсіп орындарын аралады

18 шілде, 2018, 11:19 1759 Түркістан облысы
Мәжіліс депутаттары Түркістан облысына сапары барысында өнеркәсіп орындарын аралады

Аймақтардағы ауыл тұрғындары мәжілісмендермен кездесуде  өзекті мәселелерді көтерді.

Мəжіліс депутаттары сапарлары барысында Түркістан облысындағы өнеркәсіптік және ауылшаруашылық орындарға барып, Ақтөбе облысындағы ауыл тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды BNews.kz Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Глеб Щегельский мен Мәжіліс депутаттары Құралай Қаракен, Сергей Симонов, Михаил Чирков, Дания Еспаева Ақтөбе облысы, Мартөк ауданына қарасты Родниковка ауылының тұрғындарымен кездесті.

Округте 1385 адам тұрады, оның жартысы экономикалық белсенді.

Депутаттармен кездесуде тұрғындар бірқатар мәселелерді көтерді. Солардың бірі – судың  жетіспеушілігі. Ауылдық округ орталықтандырылған сумен және газбен қамтамасыз етілгеніне қарамастан, бұл мәселе жергілікті тұрғындар үшін өзекті.

Аудан әкімшілігінің өкілдері кездесу барысында жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 9 млн. теңге бөлінгенін айтып, жыл соңына дейін бюджеттік өтінім беріліп,  қаражат бөлінген кезде шешілетінін жеткізді. Бұдан басқа, әкімдік өкілдерінің айтуынша, биыл Родниковкада "Аймақтарды дамыту" бағдарламасы бойынша 1,4 млн. теңгеге көшелер жарықтандырылатын болады.

Кездесу барысында зейнетақымен қамтамасыз ету, төмен жалақы, сондай-ақ дәрілік заттармен қамтамасыз ету мәселелері де көтерілді.

Өз кезегінде, депутат Глеб Щегельский аймақтарға сапар аясында  депутаттық топтың Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облысында барғанын, онда Елбастың бес әлеуметтік бастамасы қалай жүзеге асырылғанын айтып, тұрғылықты халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, олардың кейбірі бір-бірлеп оң шешімін тауып жатқанына назар аударды.

Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Сапархан Омаров пен Мәжіліс депутаты Фахриддин Қаратаев осы күндері Түркістан облысындағы өндіріс орындарға барып, шаруа қожалықтарында еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізді.

Сапархан Омаров Кентау қаласындағы индустриялдық аймақта орналасқан "Юг-Электропривод" ЖШС тыныс-тіршілігімен танысты.

Еңбек ұжымымен кездесу барысында комитет төрағасы Президенттің бес әлеуметтік бастамасын, сондай-ақ, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға ықпал ететін заңнамалық нормалар туралы әңгімеледі.

Түркістан облысындағы іс-сапары барысында депутат Фахриддин Қаратаев Түлкібас ауданында болып, "Көктал" шаруа қожалығының жұмысымен танысты.

"Көктал" шаруа қожалығы 2004 жылы құрылған. Бүгінгі таңда жеміс-жидек өсірумен және сақтаумен айналысып,  30 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр, ал маусымдық кезеңде 220 адамды жұмыспен қамтиды. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар