Наурыз айында қазақстандықтар 14 күн демалады

04 ақпан, 2019, 14:08 2060
Наурыз айында қазақстандықтар 14 күн демалады

8-Наурыз – Халықаралық әйелдер күні жұма күнге сәйкес келеді және демалыс болып саналады. Сонымен қатар, Наурыз мерекесінде қазақстандықтар бес күн, яғни 21-25 наурыз аралығында демала алады.

Наурыз айында қазақстандықтар жарты ай демалатын болады. eGov.kz сайтының мәліметінше, егер мемлекеттік мереке демалыс күндерге (сенбі немесе жексенбі) сәйкес келсе, онда демалыс күндері бір күнге ұзартылады. Осылайша, Наурызды мерекелеу 23 наурыз, яғни сенбіге сәйкес келгендіктен, ол демалыс күн 25 наурыз – дүйсенбіге ауыстырылады, деп хабарлайды BNews.kz.

eGov.kz сайтында жарияланған күнтізбеге сәйкес, наурыз айында Қазақстанда 17 жұмыс күні және 14 демалыс күн (мереке күндерін қоса алғанда) болады.

8-Наурыз – Халықаралық әйелдер күні жұма күнге сәйкес келеді және демалыс болып саналады. Сонымен қатар, Наурыз мерекесінде қазақстандықтар бес күн, яғни 21-25 наурыз аралығында демала алады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

#мереке #Наурыз мерекесі #демалыс күндер

Читайте также

Похожие новости