Наурыз мерекесі күндері ауа райы қандай болатынын синоптиктер хабарлады - Жаңалықтар | BNews

Наурыз мерекесі күндері ауа райы қандай болатынын синоптиктер хабарлады

19 наурыз, 2018, 18:04 5311
Наурыз мерекесі күндері ауа райы қандай болатынын синоптиктер хабарлады

Республиканың басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады.

Қазақстанда 20-22 наурыз күндері жаңбыр мен қар аралас жауын жауады, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

"Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы. Мереке күндері қар аралас жаңбыр жауады. Мұндай ауа райы Каспийдің оңтүстігі мен Ресейдің еуропалық жағынан ауысып келген ауа ағымдарына байланысты", - делінген хабарламада.

Жауын-шашынға қарамастан, ауа температурасы жоғары болады. Оңтүстік облыстарда күндіз ауа температурасы +15 - +20 градус болса, кей жерлерде +25 градусқа дейін көтеріледі. Республиканың сотүстік бөлігінде ауа температруасы …+13°С градусқа дейін көтеріледі.

Синоптиктердің айтуынша, осы жылдың сәуір айы жылы болады. Жауын-шашынның түсуі молаяды. Бір ай көлемінде көктемнің жылуы, салқын күндермен алмасып отырады. Ал мамыр айы жылы әрі жауын-шашынды болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар