Наурыз мерекесі туралы сұрақтарға Астанадағы автобус жолаушылары жауап берді - Жаңалықтар | BNews

Наурыз мерекесі туралы сұрақтарға Астанадағы автобус жолаушылары жауап берді

19 наурыз, 20:12 5327 Астана
Наурыз мерекесі туралы сұрақтарға Астанадағы автобус жолаушылары жауап берді

Викторинаны әкімдік ұйымдастырды. Ең белсенді болғандарға кішкентай сыйлықтар табысталды.

Наурыз мерекесі қарсаңында Астанадағы қоғамдық көліктерде викторина өткізілді. Акцияны қала әкімдігі ұйымдастырды, деп хабарлайды BNews.kz.

Аталған акция бүгін сағат 15.00-де Желтоқсан көшесінің бойында орналасқан Керей мен Жәнібек хандар ескерткішінің алдынан басталады.

Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының бас маманы Ержан Еңсебаев өткізілген акцияның негізгі мақсатын түсіндірді.

"Акцияның мақсаты Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамын насихаттау, Наурыздың маңыздылығын көпшілікке жеткізу, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерді дәріптеу, халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлау", - деді Ержан Еңсебаев.

Сондай-ақ, ол акция барысында 5000-нан астам сыйлық ұсынып, 10 мыңнан астам құттықтау парақтарын тарату, 30-дан астам ірі нысандарды аралау, 100-ден астам көшені автобуспен жүріп өту көзделгенін атап өтті.

Еріктілер автобус жолаушыларына Наурыз мерекесіне қатысты сұрақтар қойды, олардың қатарында ұлттық тағам Наурыз көженің құрамы, Қазақстан бұл мерекені қашаннан бері тойлап келе жатқаны және неліктен оның Жаңа жыл деп аталатыны туралы сұрақтар болды.

Акцияның ең белсенді қатысушыларына ұйымдастырушылар күнтізбе мен тәттілерді сыйға тартты.

Ұқсас жаңалықтар