Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады - Жаңалықтар | BNews

Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады

19 ақпан, 18:39 1353
Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады

2018 жылы күнтізбеде 23 күн қызыл түспен белгіленген.

Наурызда қазақстандықтар 13 күн демалады, деп хабарлайды BNews.kz. egov.kz-тің күнтізбесіне сәйкес, осы жылғы қызыл түспен белгіленген 23 демалыс күнінің бесеуі наурыз айына белгіленіп отыр.

Биыл 8 наурыз бейсенбі күнге тура келеді. Сондай-ақ, 9, 10 және 11 наурыз күндері де демалыс болып бекітілді. Сенбі, яғни 3 наурыз жұмыс күні болады. Наурыз мейрамы 3 күн – 21, 22 және 23 наурызда аталып өтіледі. Сонымен қатар, ресми мерекенің соңғы күні жұмаға сәйкес келгендіктен, демалыс күндері айтарлықтай бір апта бойы жалғасады.

Қазақстандықтар осы жылы жалпы 119 күн демалады. Бес күндік жұмыс аптасында 246 жұмыс күні болады. Егер мемлекеттік мереке демалыс күніне (сенбі немесе жексенбі) сәйкес келген жағдайда, демалыс бір күнге созылады.

ҚР Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес, мейрам күндері жұмыс уақытын дұрыс пайдалану мақсатында Үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары