Назарбаев "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" заңға қол қойды - Жаңалықтар | BNews

Назарбаев "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" заңға қол қойды

10 шілде, 19:27 1234 Астана
Назарбаев

Заң азаматтарға заң көмегін көрсету саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев азаматтарға заң көмегін көрсету саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы заңнаманы "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары