Назарбаев Ақтауда Бердімұхамедовпен кездесті - Жаңалықтар | BNews

Назарбаев Ақтауда Бердімұхамедовпен кездесті

12 тамыз, 20:19 2248 Маңғыстау облысы
Назарбаев Ақтауда Бердімұхамедовпен кездесті

Гурбангулы Бердімұхамедов саммитке қатысуға мүмкіндік туғызғаны үшін ризашылық білдірді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездесті, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қазақстанға келген Түрікменстан Президентіне ілтипат білдіріп, халықтарымызды тарихи әрі бауырластық қатынастар байланыстыратынын айтты.

"Сіздің Қазақстанға жасаған сапарыңыздан кейін біздің сауда қатынастарымыздың жанданғаны байқалады. Алайда, бұл бағыттағы жұмыстарды ілгерілету үшін әлеуетіміз әлі де жеткілікті", – деді Қазақстан Президенті.

Гурбангулы Бердімұхамедов саммитке қатысуға мүмкіндік туғызғаны үшін ризашылық білдіріп, оның ұйымдастырылуы мен өткізілуін жоғары бағалады.

"Бұл күн ғасырлар бойы қалыптасқан өзара қарым-қатынасымызға тың серпін беріп отыр. Қазіргі кезеңде екі жақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін барлық мүмкіндік бар", – деді Түрікменстан Президенті.

Кездесу соңында тараптар осы айдың соңында Түрікменстанда өтетін Арал теңізінің проблемаларына арналған отырыстың күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары