Назарбаев Ақтөбедегі Энергия тиімділігі орталығының жұмысымен танысты

16 қазан, 2018, 13:29 2261 Ақтөбе облысы
Назарбаев Ақтөбедегі Энергия тиімділігі орталығының жұмысымен танысты

Орталықтың ғимараты күн панелдерімен, газ поршенді станциямен, геотермальді жүйемен, сондай-ақ жел генераторларымен жабдықталған.

Мемлекет басшысы Энергия тиімділігі орталығына барды, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Елбасы орталықтың жұмысымен танысты. Оның негізгі міндеті – баламалы энергетика технологиясын көрсету және тұрғын үйлерді ыстық сумен, жылумен және электр қуатымен қамтамасыз ету үшін оны пайдалана білуге үйрету.

Орталықтың ғимараты күн панелдерімен, газ поршенді станциямен, геотермальді жүйемен, сондай-ақ жел генераторларымен жабдықталған. Мұнда Қала тіршілігін қамтамасыз ету және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инженерлік желілеріне мониторинг жүргізу орталығы, Халыққа қызмет көрсету орталығы, Облыстық ішкі істер департаментінің Жедел басқару орталығы, Ақтөбе қаласының "Алматы" ауданы әкімінің аппараты орналасып, жұмыс жүргізуде.

Нұрсұлтан Назарбаев енгізілген жаңалықтарға оң баға беріп, "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесінде таныстырылған "жасыл" технологияларды тәжірибеде қолданудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, Ақтөбе қаласының әкімі Қазақстан Президентіне облыс орталығының даму барысы, сондай-ақ Ақтөбе агломерациясын, "SmartCity Ақтөбе" жүйесін және қаланың қоғамдық кеңістігін құру жөнінде берілген тапсырмалардың орындалуы туралы мәлімдеді.

Соңында Елбасы Ақтөбе қаласының одан әрі дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар