Назарбаев Саркисянды Армения президенті болып сайлануымен құттықтады - Жаңалықтар | BNews

Назарбаев Саркисянды Армения президенті болып сайлануымен құттықтады

03 наурыз, 10:54 2446 Астана
Назарбаев Саркисянды Армения президенті болып сайлануымен құттықтады

Елбасы Астана мен Ереван арасындағы қарым-қатынастар дами беретініне үміттенетінін айтып, Армен Саркисянға зор денсаулық, жауапты қызметте табыс тіледі.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Армен Саркисянды Армения Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

"Сіздің кәсіби біліктілігіңіз бен өмірлік тәжірибеңіз достас Арменияның қарқынды даму жолында жаңа табыстарға қол жеткізуіне мүмкіндік береді деп сенемін. Сіздің белсенді қолдауыңыздың арқасында Астана мен Ереван арасындағы достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қарым-қатынастар алдағы уақытта да елдеріміздің игілігі үшін дами береді деп ойлаймын", - делінген жеделхатта. 

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті сайланған жаңа басшыға зор денсаулық, жауапты қызметте табыс, ал Армения халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі. 

Ұқсас жаңалықтар