Назарбаев Астанадағы Томотерапия және ядролық медицина орталығына барды

30 тамыз, 2018, 13:41 4085
Назарбаев Астанадағы Томотерапия және ядролық медицина орталығына барды

Сондай-ақ, ол "TomoTherapyHI-HD" құрылғысының жұмысымен танысты.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елордадағы Томотерапия және ядролық медицина орталығына барды, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елбасы Томотерапия және ядролық медицина орталығының жаңа ғимаратын аралап көріп, әр пациенттің жекелеген қажеттіліктеріне сай онкологиялық ауруларды нақты әрі жоғары сапалы сәуле беру арқылы емдеуге мүмкіндік беретін "TomoTherapyHI-HD" құрылғысының жұмысымен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев медициналық мекеменің қызметкерлерімен әңгімелесу кезінде онкологиялық ауруларға диагностика жасап, оларды емдеу барысында заманауи ғылыми әдістерді қолданудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан Президентіне медициналық құрал-жабдықтар мен препараттар шығаратын жаңа кәсіпорынның қызметі жөнінде мәлімделді.

Айта кетейік, Томотерапия және ядролық медицина орталығының арнаулы құрылғылары халықаралық стандарттарға сәйкес емдеу үдерісі мен сапасын оңтайландыруға және жетілдіруге, сондай-ақ алдағы уақытта өзге елдердегі онкологиялық ауруға шалдыққан пациенттерге медициналық көмек көрсетуге зор мүмкіндік береді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #Нұрсұлтан Назарбаев #медицина

Читайте также

Похожие новости