Назарбаев Әзербайжан халқына көңіл айту жеделхатын жолдады - Жаңалықтар | BNews

Назарбаев Әзербайжан халқына көңіл айту жеделхатын жолдады

02 наурыз, 2018, 19:12 2485 Астана
Назарбаев Әзербайжан халқына көңіл айту жеделхатын жолдады

Нұрсұлтан Назарбаев Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы Баку қаласындағы өрттің салдарынан көп адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

"Бауырлас Әзербайжан халқының қайғысына ортақтасып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін", - делінген жеделхатта.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар