Назарбаев БАҚ туралы заңнамаға өзгертулер енгізу туралы заңға қол қойды

28 желтоқсан, 2017, 14:32 2345 Астана
Назарбаев БАҚ туралы заңнамаға өзгертулер енгізу туралы заңға қол қойды

Шамамен 280 өзгерту енгізілген. Олар бір жыл бойы БАҚ өкілдерімен талқыланған, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы ақпарат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

ҚР Парламенті Сенатының әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммунициялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралған болатын.

Депутаттар БАҚ үшін ақпарат беру бойынша уақыт пен мерзімге қатысты бірқатар мәселені атап өткен.

Ақпарат және коммуникация мәселелері бойынша заң жобасы үкіметтің заң жобалары жұмыстарының 2017 жылға арналған жоспарына және 2016-2021 жылдарға есептелген заң шығармашылығының жұмысы тұжырымдамалық жоспарына сәйкес жасақталды. Онда БАҚ, байланыс пен ақпарат  салаларында құқықтық қатынасты реттеуге арналған 6 кодекс пен 16 заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу қарастырылған болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!