Назарбаев биыл СҚО-ның мол астық жинайтынына сенім білдірді

17 Августа, 2018, 17:41 4083
Назарбаев биыл СҚО-ның мол астық жинайтынына сенім білдірді |  | BNews.kz

Елбасы облыстың егін ору науқанына дайындық барысымен танысты.

Мемлекет басшысы "Агрофирма Эксимнан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ауыл шаруашылығы кешенін аралап көрді, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елбасы облыстың ауыл шаруашылығы алқабын аралап көріп, егін ору науқанына дайындық барысымен танысты, сондай-ақ биыл Солтүстік Қазақстан облысының мол астық жинайтынына сенім білдірді.

Қазақстан Президенті өңір шаруаларымен әңгімелесу барысында ауыл шаруашылығы өнімін әртараптандырып, мал шаруашылығын дамыту қажеттігін атап өтті.

"Бұл жетістіктермен тоқтап қалмай, өндіріске ғылыми және цифрлық технологияларды енгізу керек. Қайта өңдеу саласын дамытпай, еңбек өнімділігін арттыру мүмкін емес", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Кәсіпорындар жетекшілері еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен аграрлық секторға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп жатқаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс білдірді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы облыс зауыттарында құрастырылатын тракторлар, комбайндар және басқа да астық жинауға арналған техникалар қойылған ауыл шаруашылығы көрмесін аралап көрді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Қазақстан облысындағы "Тайынша Май" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды. Мемлекет басшысы кәсіпорынның цехын аралап көріп, майлы дақылдарды өңдеудің және тазартылған майды өндірудің технологиялық процесімен танысты.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев СҚО-да орналасқан Ильичевка ауылындағы тұрғын үй құрылысымен танысып, аймаққа көшіп келген отбасылармен әңгімелесті. Жалпы 2018 жылы Солтүстік Қазақстан облысына 900 адамнан тұратын 235 отбасы көшіп келген.

olshem.kz

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13989

Похожие новости