Назарбаев биліктің мәнін түсіндірді

31 шілде, 2018, 15:37 1933 Астана
Назарбаев биліктің мәнін түсіндірді

Елбасы билік - ол ең алдымен жауапкершілік екенін атап өтті.

ҚР Президентінің Телерадиокешені Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сұхбатынан үзіндіні жариялады, деп хабарлайды BNews.kz.

"Бір сөзбен жауап беру қиын деп ойлаймын. Маған дейін де көптеген данышпандар бұл сұраққа жауап берген. Билік дегеніміз не? Билік - ол жауыздық дейді. Ақша да адамға бақыт әкелмейді. Сондықтан осы кедергінің бәрінен арылып, қарапайым адам болып өмір сүру керек. Бақыт деген - осы. Бірақ біз, басшы болу, билік ету маңдайына жазылғандар, басқаша пікірлеуге тиіспіз. Сондықтан, мен бірнеше қырынан қараған болар едім. Билік - ол ең алдымен жауапкершілік. Лауазымың неғұрлым жоғарылаған сайын жауапкершілік те соғұрлым арта түспек", - дейді Мемлекет басшысы.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар