Назарбаев бірқатар заңға қол қойды

28 желтоқсан, 2018, 11:54 3257 Астана
Назарбаев бірқатар заңға қол қойды

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысы жүйкеге әсер ететiн заттар айналымы саласындағы мемлекеттiк бақылауды жетiлдiруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне есiрткi, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлар айналымын бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы табиғи монополиялар салаларындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылаудың құқықтық негіздерін айқындайтын жаңадан қабылданған "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Мемлекет басшысы қол қойған келесі бір құжат – "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының айналысы туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы №8156-KZ Қарыз туралы келiсiмге (Шығыс – Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы (Алматы – Қорғас учаскесі): Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзит дәлізі (ОАӨЭЫ 1b) түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы келісім-хатты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар