Назарбаев Бразилия Президентінің сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады - Жаңалықтар | BNews

Назарбаев Бразилия Президентінің сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

Написать нам
30 қазан, 2018, 10:57 1755 Астана
Назарбаев Бразилия Президентінің сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Жаир Мессиас Болсонаруды Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады. 

Нұрсұлтан Назарбаев Жаир Мессиас Болсонаруға Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Жаир Мессиас Болсонаруды Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті лауазымына сайлануымен құттықтады. 

"Қазақстан мен Бразилия арасындағы ынтымақтастық халықтарымыздың жарқын болашағы үшін одан әрі дами түсетініне кәміл сенемін. Сізге зор денсаулық және жауапты қызметіңізге мол табыс, ал достас Бразилия халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тілеймін", – делінген жеделхатта.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар