Назарбаев Чех Республикасының президентін қайта сайлануымен құттықтады - Жаңалықтар | BNews

Назарбаев Чех Республикасының президентін қайта сайлануымен құттықтады

30 қаңтар, 09:37 954 Астана
Назарбаев Чех Республикасының президентін қайта сайлануымен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев Милош Земанға Чех Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Милош Земанды Чех Республикасы Президентінің сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

"Сіздің жеңісіңіз еліңізді одан әрі дамытуды көздейтін бағытыңызға деген халық сенімінің айқын дәлелі болып саналады.

Біз биыл дипломатиялық қарым-қатынасымыздың 25 жылдығын атап өтеміз. Ширек ғасыр ішінде Қазақстан мен Чехия арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейге көтерілгеніне қуаныштымын.

Қазақстан мен Чехия арасындағы ынтымақтастық елдеріміздің игілігі үшін өзара серіктестік рухында жалғаса беретініне сенімдімін. Сізге зор денсаулық, жауапты қызметіңізге табыс, ал достас Чехия халқына бейбітшілік пен бақ-береке тілеймін", – делінген жеделхатта.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары