Назарбаев: Ең қиын сәт - ол сенің шешіміңе бүкіл бір халықтың тағдыры тәуелді болуы

16 желтоқсан, 2018, 17:37 2402 Астана
Назарбаев: Ең қиын сәт - ол сенің шешіміңе бүкіл бір халықтың тағдыры тәуелді болуы

Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі КСРО халық әртісі Армен Джигарханянға берген мұрағаттық сұхбатынан үзінді жариялады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мұрағаттық сұхбаттарының бірінде неліктен 1991 жыл Қазақстан тарихында айтулы жыл екенін және елдің тәуелсіздігін жариялау оңай болмағанын айтып берді. Видео Ақорданың Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды BNews.kz.

Мемлекет басшысы елдің тәуелсіздігін жариялау қаншалықты қиын шешім болғанын атап өтті.

"Ең қиын сәт - ол сенің шешіміңе бүкіл бір халықтың тағдыры тәуелді болуы. Қаншалықты қиын болды және не себепті? Қазақстан көпұлтты мемлекет. Бізде 130 халық өкілдері тұрады. 45 діни конфессия бар. Осы жағдайды ескерсек, тәуелсіздікті жариялау оңайға соқпады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Президенттің сөзінше, халықтың өзі тәуелсіздікті жариялау керегін түсінуге тиіс еді.

Елбасы сол кездегі дағдарыстың күшті болғанын, барлық нәрсе тапшы болғанын еске алды.  

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар