Назарбаев Есеп комитетінің төрағасын тағайындады - Жаңалықтар | BNews

Назарбаев Есеп комитетінің төрағасын тағайындады

20 ақпан, 18:39 846 Астана
Назарбаев Есеп комитетінің төрағасын тағайындады

Мемлекет басшысының Жарлығы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы қызметіне Наталья Годунова тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

"Наталья Николаевна Годунова Республикалық бюджеттің  атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы болып тағайындалсын", - делінген сайтта жарияланған Президент Жарлығында.  

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрмұхамбет Қанапияұлы Әбдібеков Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы қызметінен босатылды.

Наталья Николаевна Годунова 1972 жылы 24 мамырда Орал қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын бітірген. Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы академиясының түлегі.

Еңбек жолы:

1993-1996 ж.ж. Орал қаласындағы "Агропромбанк "Орал" экономисі;

1997-1998 ж.ж. Батыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аумақтық комитетінің жетекші маманы, басшысының орынбасары, басшысы;

1998-2004 ж.ж. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің аппараты экономикалық реформа бөлімінің бас маманы, бөлім бастығы;

2004-2005 ж.ж. Батыс Қазақстан облысы экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің директоры;

2005-2006 ж.ж. Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Сауда өкілдігінің экономист-кеңесшісі;

2006-2009 ж.ж. Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі 2009-2012 ж.ж. Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Сауда өкілінің қызметін атқарушы;

2012-2013 ж.ж. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі;

2013-2015 ж.ж. Қызылорда облысы әкімінің орынбасары

2015 -2017 жылдар аралығында "Нұр Отан" партиясының Хатшысы;

2017 жылы 20 желтоқсанда ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшеcі лауазымына тағайындалды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары