Назарбаев ипотеканың жылдық мөлшерлемесін 7%-ға дейін төмендетуді тапсырды - Жаңалықтар | BNews

Назарбаев ипотеканың жылдық мөлшерлемесін 7%-ға дейін төмендетуді тапсырды

05 наурыз, 14:21 1659 Астана
Назарбаев ипотеканың жылдық мөлшерлемесін 7%-ға дейін төмендетуді тапсырды

Сондай-ақ, Президент ипотекалық несиені төлеу мерзімі 25 жылға дейін ұзартылатынын айтты.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев ипотекалық несие алу шарттарын барынша қолжетімді етуді тапсырды, деп хабарлайды BNews.kz.

"Көптеген отбасылардың өз баспанасы жоқ. Бұл әлеуметтік маңызды үлкен мәселе. Оны шешу үшін барлық жағдай жасалып, тұрғын үй ипотекасын қолжетімді етудің бүкіл жағдайын жасау керек. Арзан ресурстарды ұсынудың тетіктері қажет. Жұмысы бар әр адам несиеге үй алу мүмкіндігіне ие болып, оны отбасылық бюджетіне қарай төлей алуы тиіс. Сондықтан мен 7-20-25 бағдарламасын бастауды ұсынамын. Яғни, жұмыс істейтін әр қазақстандық келесі шарттар бойынша теңгемен несие алу мүмкіндігіне ие болуы тиіс. Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі қазіргідей 14-16% емес, 7%-дан аспау керек. Егер бүгінде банктер алғашқы жарнаны 30%, кейін тіпті 50% көлемінде талап етсе, жаңа бағдарлама бойынша оның мөлшері 20%-дан аспауы тиіс. Несие уақыты 10 немесе 15 жыл емес, 25 жылға дейін созылады", - деді Мемлекет басшысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында.

"Біз соңғы жылдары азаматтарымызды баспанамен қамту мүмкіндігін кеңейтуге байланысты көп жұмыс атқардық. Өткен жылы 11,2 млн шаршы метр баспана тапсырылды. Бұл үлкен көрсеткіш, алайда мұның өзі бізге аздық етіп отыр", - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Ұқсас жаңалықтар