Назарбаев Иранда ұшақ апатынан қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айтты - Жаңалықтар | BNews

Назарбаев Иранда ұшақ апатынан қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айтты

19 ақпан, 10:08 716
Назарбаев Иранда ұшақ апатынан қайтыс болғандардың туыстарына көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшысы Ирандағы жолаушылар ұшағы апатының салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қайғыларына ортақтастығымды білдіремін", - делінген жеделхатта.

Еске сала кетейік, Иранда кеше, яғни 18 ақпанда ATR 72-500 жолаушылар ұшағы құлады. Ұшақ бортында 66 адам болған. Ұшақ апатынан аман қалғандар жоқ деп хабарланған. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары