Назарбаев қазақ әліпбиінің латынша нұсқасын бекітті - Жаңалықтар | BNews

Назарбаев қазақ әліпбиінің латынша нұсқасын бекітті

27 қазан, 2017, 09:28 6328
Назарбаев қазақ әліпбиінің латынша нұсқасын бекітті

Мемлекет басшысы қазақ тілінің латын графикасындағы әліпбиін бекітті.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы Жарлық шығарды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы

Қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшірілуін қамтамасыз ету мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрсын;

қазақ тілі әліпбиінің 2025 жылға дейін латын графикасына кезең-кезеңімен көшуін қамтамасыз етсін;

осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де, соның ішінде ұйымдастырушылық және заңнамалық сипаттағы, шаралар қабылдасын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Латын графикасына негізделген қазақ тілі

ӘЛІПБИІ

 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар