Назарбаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады - Жаңалықтар | BNews

Назарбаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

01 наурыз, 15:33 1616 Астана
Назарбаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Алғыс айту күнінің тарихи жадыны сақтау, ел бірлігін нығайтуда алар мәні зор екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. 

"Құрметті отандастар! Бүгін біз баршамызға ортақ мереке – Алғыс айту күнін атап өтіп отырмыз. Осынау айтулы күні қиын-қыстау сынақ жылдарында адамгершілік пен имандылық үстемдігінің жадымызда болуы Қазақстан халқын біріктіреді. Мейірімділік, өзара көмек және бір-біріне деген құрмет қазақтың киелі топырағында күллі қазақстандықтар көздің қарашығындай сақтайтын әрі мақтан тұтатын достық пен өзара түсінушіліктің бірегей атмосферасын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Өз отандастарымызға және туған өлкеге деген кіршіксіз алғыс сезімі бұл мерекеге ерекше терең мағына береді. Сондықтан Алғыс айту күнінің басты мәні – тарихи жадыны сақтау, ұрпақтар сабақтастығы мен іргесі берік негіздегі ел бірлігін нығайту болып табылады. Бүкіл қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!" - делінген құттықтау хатында.

Елбасы қазақстандықтарға бақ-береке, бейбіт өмір және табыс тіледі.

Ұқсас жаңалықтар