Назарбаев қазақстандықтарды Халықтар бірлігі күнімен құттықтады - Жаңалықтар | BNews

Назарбаев қазақстандықтарды Халықтар бірлігі күнімен құттықтады

01 мамыр, 2018, 09:31 1796 Астана
Назарбаев қазақстандықтарды Халықтар бірлігі күнімен құттықтады

Президент баршаға зор денсаулық, бақ-береке және жаңа табыс тіледі.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Құрметті отандастар!

Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл шынайы жалпыхалықтық мереке отаншылдығымыздың, туған жерге деген сүйіспеншілігіміз бен адалдығымыздың жарқын символы болып саналады. Бірлік пен келісімнің арқасында біз тәуелсіз мемлекет қалыптастырып, зор жетістіктерге жеттік. Әлемге танылып, биік беделге ие болдық.

Бірлік пен келісімнің маңыздылығын толық ұғыну – еліміздің үйлесімді әрі орнықты дамуының негізгі факторы.

Бірлік, достық және өзара сыйластық болған кезде ғана біздің кең байтақ ортақ отанымыз – Қазақстан Республикасы мол байлық пен бақ-берекеге кенеледі. Осы маңызды құндылықтар қоғамымыздың дүниетанымын анықтап, оның одан әрі біріге және жұмыла түсуінің айқын бағдары болады.

Мемлекет өмірінің барлық саласындағы ауқымды жаңару жаңа белестерді бағындырып, жеңіске жету жолында бірлігіміз бен тұрақтылығымызды нығайтуға септігін тигізеді деп сенемін.

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және жаңа табыс тілеймін!", - делінген хабарламада.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар