Назарбаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

07 қаңтар, 2019, 10:04 2381
Назарбаев қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

Өзінің құттықтауында Мемлекет басшысы баршаға зор денсаулық, баянды бақыт пен береке тіледі.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев православие дініндегі қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарланды Ақорданың ресми сайтында.

"Қымбатты отандастар! Барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын!

Бұл – жақсылық пен әділдікті, жақын жандарға деген мейірім мен сүйіспеншілікті дәріптейтін, жоғары гуманистік идеалдарға деген сенімді нығайтатын мейрам.

Қазақстандықтар бір-бірін басты рухани мерекелермен құттықтай отырып, әркімге түсінікті және әр адамның жанына жақын адами құндылықтардың тұтастығын танытады.

Біздің азаматтарымыз бәрімізге ортақ бейбітшілік, бірлік, конфессияаралық келісім және басқа да көптеген маңызды жетістіктерімізді мақтан ете алады.

Бүгінде түрлі дін өкілдері өзара түсіністікті нығайтуға және қазіргі Қазақстан қоғамының тұрақты дамуына елеулі үлес қосуда.

Бәріңізге шын жүректен зор денсаулық, баянды бақыт, отбасыларыңызға береке тілеймін!", - делінген Президент құттықтауында.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #Нұрсұлтан Назарбаев #құттықтау #мереке #дін

Читайте также

Похожие новости