Назарбаев Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті - Жаңалықтар | BNews

Назарбаев Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

07 тамыз, 17:28 1592 Астана
Назарбаев Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекеттер басшылары алдағы кездесулер кестесін де қарастырды.

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Қырғызстанның Президенттері екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын және перспективасын талқылап, өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, мемлекеттер басшылары алдағы кездесулер кестесін де қарастырды.

Телефон арқылы сөйлесуге Қырғызстан жағы бастамашы болды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Армения Республикасының Премьер-министрі Никол Пашинянмен де телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында екі жақты ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ Қазақстан мен Арменияның Еуразиялық экономикалық одақ және Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы аясындағы өзара ықпалдастық мәселелері талқыланды. Телефон арқылы сөйлесуге Армения жағы бастамашы болды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары