Назарбаев Қырғызстан президентін барлық мәселені бірлесе шешуге шақырды - Жаңалықтар | BNews

Назарбаев Қырғызстан президентін барлық мәселені бірлесе шешуге шақырды

15 наурыз, 2018, 16:03 3200 Астана
Назарбаев Қырғызстан президентін барлық мәселені бірлесе шешуге шақырды

Қазақстан Президенті Жээнбековпен өткен соңғы кездесу барысында айтылған мәселенің барлығы шешіліп жатқанын атап өтті.

Орталық Азия елдері басшыларының бірінші консультативті кездесуі аясында, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті, деп хабарлайды BNews.kz.

"Біздің соңғы кездесуімізден кейін алға қойған мақсаттарымыз орындалып, мәселелер шешіліп жатыр. Елдер арасында өз Жол картамыз бар. Екі ел арасындағы сауда қарым-қатынасын да ерекше атап өткім келеді. Болашақта біздің қарым-қатынасымыз беки түсетінініне сенімдімін", - деді Елбасы.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Орталық Азияның өзге де мемлекеттерімен табысты қарым-қатынасына тоқтала кетті.  

"Мұның бәрі біздің халықтар үшін жасалып жатыр. Бүгін бес мемлекет басшысы экономика, сауда, логистика бойынша және тағы басқа жиналған мәселелер тұрғысынан конструктивті диалог өткізеді. Біз барлық тұстарды қамтып, тиісті шешімдер қабылдауымыз керек", - деді Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан Президентіне туындаған мәселелермен бөлісіп, бірлесе шешуге шақырды.

"Барлық шешілмеген мәселені бірлесе шеше аламыз", - деді Қазақстан Президенті.

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кездесуіне Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан президенттері қатысып, оның қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме жасалады деп күтілуде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар