Назарбаев қытайлықтарды орталық телеарна эфирінен Жаңа жылмен құттықтады - Жаңалықтар | BNews

Назарбаев қытайлықтарды орталық телеарна эфирінен Жаңа жылмен құттықтады

15 ақпан, 12:14 1476
Назарбаев қытайлықтарды орталық телеарна эфирінен Жаңа жылмен құттықтады

Қазақстан Президентінің құттықтауын Аспан асты елінің жаңалық тарататын ең басты телеарнасы – CCTV-13-тен көрсетті.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қытай халқын көктем мерекесімен қалай құттықтағаны туралы саясаттанушы Ерлан Қарин өзінің Telegram-арнасында айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

"Кеше Қытай елінің жаңалық тарататын ең басты телеарнасы – CCTV-13-тен Нұрсұлтан Назарбаевтың қытай халқын келе жатқан Көктем мерекесімен – қытай күнтізбесі бойынша Жаңа жылмен құттықтауын көрсетті. Осылайша, Қазақстан Президенті қытай халқын алдағы мерекемен телеарна арқылы құттықтаған шетел көшбасшыларының алғашқысы болды", - деді ол.

Ерлан Қаринның айтуынша, құттықтауды сонымен қатар, CCTV-1 қытай телеарнасынан да көрсетті.

"Ал Қазақстан Президентінің қытайлық телевидениеге берген сұхбатының толық нұсқасын сол елдің Жаңа жыл мерекесінің бірінші күні кешке CCTV және CGTN телеарналарында көрсетеді. Бұл қытай ақпараттық кеңістігіндегі еліміздің ең көлемді медиа шығарылымдарының бірі", - деп сендірді саясаттанушы.

1911 жылдан бері тойланып келе жатқан Қытай жаңа жылы сөзбе-сөз аударғанда Көктем мерекесі деген мағынаны білдіреді. Бұл бұрыннан Қытайдағы ең басты әрі ұзақ уақыт тойланатын мереке болып саналады.

Еске салсақ, 12 ақпанда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев CCTV қытай телеарнасына сұхбат бергенін хабарлағанбыз.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары