Назарбаев көтерме-тарату орталықтарын құру жұмысын жандандыруды тапсырды

30 қаңтар, 2019, 13:22 1687
Назарбаев көтерме-тарату орталықтарын құру жұмысын жандандыруды тапсырды

Олардың бірі жақын арада Қызылорда облысында пайда болады.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көтерме-тарату орталықтарының желісін дамытуды тапсырды, деп хабарлайды BNews.kz.

"Маусым айында Шымкентте сәбіз 43 теңге тұрады, Астанаға жеткенше бағасы 150 теңге болады. Бағасы 3 есе өсіп кетеді, өйткені ортада делдалдар көп. Біз ірі қалаларда көтерме-тарату орталықтарының желісін дамытуымыз керек. Бұл бағытта Қарағанды облысы жақсы жұмыс істейді. Наурыз айында 72 мың шаршы метрге көтерме-тарату орталықтарын енгізетін боламыз", - деді Премьер-министрдің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев.

Оның айтуынша, көтерме-тарату орталықтарын құру бірден үш делдалды - қайта сатып алушы, көтерме сатып алушы және ұсақ көтерме сатып алушыны болдырмайды.

"Әкімдерге осы бағытта жұмыс істеу керек. Егер дер кезінде қажетті алаңдарды алдын ала дайындап қойсаңыздар, онда қысқы уақытта тұрақты баға болады", - деді Президент.

Өмірзақ Шөкеев бұл бағыттағы жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #Өмірзақ Шөкеев

Читайте также

Похожие новости