Назарбаев ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша өзгерістерге қол қойды 

28 желтоқсан, 2018, 17:39 3912
Назарбаев ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша өзгерістерге қол қойды 

Конституциялық заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев ҚР әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша өзгерістерге қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Мемелкет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Мемелкет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады. 

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #Нұрсұлтан Назарбаев #заң #қол қою

Читайте также

Похожие новости