Назарбаев латын әліпбиіне көшу туралы жарлыққа өзгерістер енгізді - Жаңалықтар | BNews

Назарбаев латын әліпбиіне көшу туралы жарлыққа өзгерістер енгізді

20 ақпан, 09:41 1353 Астана
Назарбаев латын әліпбиіне көшу туралы жарлыққа өзгерістер енгізді

Құжаттың мәтіні Ақорданың ресми сайтында жарияланды. 

Елбасы "Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін жарияланған жаңа редакция бойынша латын графикасындағы қазақ әліпбиінде апострафтар алынып тасталды, сонымен қатар бірнеше әріп диграф арқылы жазылатын болды.

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. "Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, № 50-51-52, 326-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

аталған Жарлықпен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2018 жылғы 19 ақпан

     № 637

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары