Назарбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді

10 тамыз, 2018, 19:30 3101 Маңғыстау облысы
Назарбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді

Мемлекет басшысы Ақтау қаласындағы нысандарды аралайды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы Ақтау қаласына келген соң қала нысандарын аралап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңеске қатысады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың мультимодальды Құрық портының таныстырылым рәсіміне және Бесінші Каспий саммитіне қатысуы, сондай-ақ жоғары деңгейде бірқатар екі жақты кездесулер өткізуі жоспарланып отыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 11-12 тамызда Қазақстанның Ақтау қаласында бес ел басшыларының қатысуымен өтетін Бесінші Каспий саммитінде бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр. Бесінші Каспий саммитіне Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түрікменстан елдерінің президенттері қатысады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар