Назарбаев Москва түбінде ұшақ апатына ұшырағандардың отбасына көңіл айтты

12 ақпан, 2018, 10:02 943 Астана
Назарбаев Москва түбінде ұшақ апатына ұшырағандардың отбасына көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Мәскеу облысында Ан-148 жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан адамдардың қайғылы қазаға ұшырағаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

"Қаза болғандардың отбасыларына, туыстары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын", - делінген жеделхатта.

Еске сала кетейік, кеше Ресейде жолаушылар ұшағы құлап, 71 адам қаза тапты. Ан-148 жолаушылар ұшағы қолайсыз ауа райының салдарынан әуежайдан ұшқан соң, аз уақыт өткеннен кейін-ақ Мәскеу маңына құлағанын хабарлағанбыз.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар