Назарбаев Ниинистёні Финляндия президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады - Жаңалықтар | BNews

Назарбаев Ниинистёні Финляндия президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

30 қаңтар, 13:24 969 Астана
Назарбаев Ниинистёні Финляндия президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев құттықтау жеделхатын жолдады.

Нұрсұлтан Назарбаев Саули Ниинистёні президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, жоғары мемлекеттік лауазымдық қызметіне табыс тіледі, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Бұл жеңіс Финляндия халқының Сізді мемлекеттің жарқын болашағы үшін қызмет ететін шынайы патриот және өз елінің бірлігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз ететін дана да тәжірибелі саяси көшбасшысы ретінде мойындауының айқын дәлелі.

Қазақстан мен Финляндия арасындағы саяси байланыстарды дамытып, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету мақсатымен тығыз әрі нәтижелі іс-қимыл жасап келе жатқанымызға қуаныштымын", – делінген жеделхатта.

Айта кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Милош Земанға да Чех Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдаған болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары