Назарбаев Өзбекстан президентімен сөйлесті

12 Октября, 2018, 11:48 3681
Назарбаев Өзбекстан президентімен сөйлесті |  | BNews.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекеттер басшылары екі жақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективаларын талқылады, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Президенттер елдеріміз арасындағы қарым-қатынастардың дәйекті дамуы жөнінде әңгімелесіп, Қазақстандағы биылғы Өзбекстан жылы аясында көп жақты ықпалдастықты тереңдету үшін атқарылатын іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті", - делінген хабарламада.  

Телефон арқылы сөйлесуге Өзбекстан жағы бастамашы болды.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13931

Похожие новости