Назарбаев Пашинянды Арменияның премьер-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады

15 Января, 2019, 17:59 1861
Назарбаев Пашинянды Арменияның премьер-министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады |  | BNews.kz

Никол Пашинян 14 қаңтарда Армения Республикасының премьер-министрі болып тағайындалды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Никол Пашинянға Армения Республикасының премьер-министрі лауазымына тағайындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Достық пен түсіністікке негізделген Астана мен Ереван арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастар халықтарымыздың игілігі жолында одан әрі нығая түседі деп сенемін. Сізге зор денсаулық пен күш-қайрат, жауапты қызметіңізге мол табыс, ал барша достас Армения халқына бейбіт өмір мен береке тілеймін", – делінген жеделхатта.


Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13935

Похожие новости