Назарбаев Павлодарда балқытылған аллюминий өндірудің технологиясымен танысты - Жаңалықтар | BNews

Назарбаев Павлодарда балқытылған аллюминий өндірудің технологиясымен танысты

17 шілде, 14:42 1682 Павлодар облысы
Назарбаев Павлодарда балқытылған аллюминий өндірудің технологиясымен танысты

Сондай-ақ, Қазақстан Президентіне жеңіл қорытылатын автомобиль дискілерін өндірудің технологиялық үдерісі таныстырылды.

Мемлекет басшысы "GiessenHaus" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтыны сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті балқытылған аллюминий және жеңіл қорытылатын автомобиль дискілерін өндірудің технологиялық үдерісімен танысты.

Мемлекет басшысына "Павлодар" еркін экономикалық аймағында жүзеге асырылып жатқан индустриялық жобалар жөнінде баяндалды.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа дайын өнім үлгілері, атап айтқанда, жылыту радиаторлары, автомобильдердің қосалқы бөлшектері, темір жол вагондарының дөңгелектері көрсетілді.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өңірге жұмыс сапары аясында "Казэнергокабель" акционерлік қоғамына барды.

Мемлекет басшысы тоқ өткізетін кабель жасау технологиясымен және кәсіпорынның даму перспективаларымен танысты.

Қазақстан Президентіне ішкі және шетелдік нарыққа шығарылатын дайын өнім үлгілері де көрсетілді.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Павлодар қаласына жұмыс сапарымен келгені хабарланған болатын.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары