Назарбаев Лукашенко және Жээнбековпен ЕЭО-ны одан әрі дамыту мәселелерін талқылады

04 желтоқсан, 2018, 18:11 2125 Астана
Назарбаев Лукашенко және Жээнбековпен ЕЭО-ны одан әрі дамыту мәселелерін талқылады

Сондай-ақ, мемлекеттер басшылары екі жақты ынтымақтастық мәселелеріне тоқталды.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

"Мемлекеттер басшылары екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастардың оң қарқынын атап өтті", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, көшбасшылар Санкт-Петербургте өтетін Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысы қарсаңында Еуразия экономикалық одағын одан әрі дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Сонымен қатар, бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен де телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекеттер басшылары әңгімелесу барысында екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен перспективаларын талқылады.

Көшбасшылар күн тәртібіндегі өңірлік мәселелер, сондай-ақ Еуразия экономикалық одағы мен ТМД аясындағы алдағы кездесулер жөнінде пікір алмасты.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар