Назарбаев пен Путин екі жақты ынтымақтастықтың 2018 жылғы нәтижелерін қорытындылады

29 желтоқсан, 2018, 16:04 4108 Астана
Назарбаев пен Путин екі жақты ынтымақтастықтың 2018 жылғы нәтижелерін қорытындылады

Елдер көшбасшылары бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, Қазақстан мен Ресей халықтарына бейбіт өмір мен бақ-береке тіледі.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

"Мемлекеттер басшылары әңгімелесу барысында екі жақты ынтымақтастықтың 2018 жылғы нәтижелерін қорытындылап, Қазақстан мен Ресей арасындағы түрлі бағыттағы байланыстардың оң қарқынмен дамып келе жатқанын атап өтті", - делінген хабарламада.

Президенттер күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерді, соның ішінде Ресей мен Украина арасындағы қарым-қатынастың қазіргі ахуалын талқылады.

Елдер көшбасшылары бір-бірін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, Қазақстан мен Ресей халықтарына бейбіт өмір мен бақ-береке тіледі.

Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар