Назарбаев пен Путин тамыз айында өтетін кездесу барысын талқылады - Жаңалықтар | BNews

Назарбаев пен Путин тамыз айында өтетін кездесу барысын талқылады

23 шілде, 16:36 1692 Астана
Назарбаев пен Путин тамыз айында өтетін кездесу барысын талқылады

Елбасы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Мемлекеттер басшылары әңгімелесу барысында екі жақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібінің мейлінше өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды BNews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Сонымен қатар екі ел басшылары алдағы кездесулер кестесін, соның ішінде биылғы 12 тамызда Ақтау қаласында өтетін Бесінші Каспий саммиті аясындағы кездесулер барысын қарастырды. Телефон арқылы сөйлесуге Ресей жағы бастамашы болды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары